Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2019

Бахрейнмен әуе қатынасы туралы келісімге қол жеткізілді

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық делегация Польшаның авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бахрейнмен әуе қатынасы туралы келісімге қол жеткізілді

Қол жеткізілген уағдыластықтардың нәтижесі бойынша Бахрейн әуе компаниялары қазақстандық әуе компаниялармен кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасауды жоспарлап отыр.

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Бахрейн әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді. Рейстер саны күнделікті жиілікке дейін көбейген.

Сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді.