Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2020
Экстремистер электрондық үкімет сайттарына шабуыл жасады
Экстремистер электрондық үкімет сайттарына жаппай Ddos-шабуыл жасады, бірқатар интернет-ресурстарды бұзуға, вирусты БҚ-ға толтыруға тырысты. Мұндай сценарий бойынша Нұр-Сұлтанда киберқылмыстар жалғасуда, олар мемлекеттік органдардың, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің және жедел орталықтардың, аса маңызды объектілердің туындаған қауіп-қатерлерге қарсы тұруға әзірлігін көрсетуі тиіс. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов іс-шараның егжей-тегжейін айтып берді.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2020
Шетелден ұшып келетіндерге шектеу шаралары енгізілді
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 65 қаулысына сәйкес шетелден әуе рейстерімен ұшып келетіндерге бірқатар шектеу шарасы енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020
Өскеменде қылмыс екі есеге азайды
Өскемендегі Жедел басқару орталығындағы 4000 мыңнан астам бейнекамерадан полицейлер қаланы алақандағыдай көріп отырады. Сергек жүйесі де осы базаға қосылған. Соның арқасында қылмыс 44,4%-ға төмендеген, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2020
Жыл басынан бері 200 миллионға жуық кибершабуыл тіркелген
Пандемия кезінде әлеуметтік саладан басқа, цифрлық инфрақұрылымд да зардап шекті. Мемлекеттік интернет-ресурстарға қолжеткізудегі проблемалар цифрландыру саласындағы ұйымдастырушылық және технологиялық базаның кемшіліктерін көрсетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов хабарлады.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2020
Цифрландыру министрлігі интернеттің нашарлауына түсініктеме берді
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркйсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов интернет қызметінің нашарлауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz