- Диспетчер пультіне күн сайын түрлі сипаттағы үш жүзден астам көрініс түседі. Мысалы, 2004 жылы бізде барлығы 97 камера болған, қазір мыңдаған камера бар. Бейнематериалдар жүзден астам қылмысты ашуға көмектесті, 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, - дейді Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Талғат Қамзин.
Құқық қорғау мамандарының айтуынша, Өскеменде өткен жылмен салыстырғанда қылмыс деңгейі 44,4%-ға төмендеген.
Өскемен