Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Қазақстан полицейі әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Жаһандық жарыс Ресейдің Саратов қаласында әмбебап жекпе-жектен өтті. Қарашаның 25-30 күндері өткен додаға 32 елдің спортшысы қатысты. Олар кедергілер жолағынан өту, пышақ лақтыру, пневматикалық қарудан ату, қоян-қолтық ұрыс бойынша сайысты, деп жазады Egemen.kz.
Мультимедиа • 05 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін мультфильм шығарылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында кешенді жұмыс жалғасып келеді. Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Ұлттық Банк бірлесіп, балаларды ақшаны дұрыс игеруге баулитын анимациялық фильм әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Қызылордада мүгедектігі бар жандардың жайын ескерген қанша нысан бар?
Аймақта 1500-ден астам әлеуметтік инфрақұрылым нысаны мүгедектігі бар жандарға толық бейімделген. 2027 жылдың соңына дейін тағы 788 нысан жаңартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Алматыда инватакси енді тәулік бойы жұмыс істейді
Алматыда тіркелген 3100 мүмкіндігі шектеулі адамның 2215-і «Инватакси» қызметін белсенді тұтынады. Бұған дейін тек күндіз қызмет көрсетіп келген «Инватакси» қызметі енді түнде де қолжетімді болады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 05 Желтоқсан, 2025
Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін боксшыларымыздың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?
Дубайда IBA-ның ұйымдастыруымен бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жаһан біріншілігінде үш отандасымыз шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектерді IBA Boxing ютуб арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады, деп жазады Egemen.kz.