Ғылым • 04 Желтоқсан, 2020
Ғылыми зерттеуші Алмасбек Шағырбай жас ғалымдарға арналған грантты иелену үшін конкурсқа өзінің құжаттарын тапсырды. Бірақ жобасы сараптамадан өтпей қалып, кері қайтарылыпты.
Өнер • 04 Желтоқсан, 2020
Әрбір қия-қатпарына дейін қазақ көрерменіне таныс оқиға алыстағы Америкада өтіп жатыр. Елу жыл отасып, бес бала бағып өсіріп, ақырында үйсіз-күйсіз далада қаңғып қалатын қариялардың қасіретін өткен ғасырдың басында-ақ драмаға айналдырған кезде Америка жазушысы Вина Дельмар дәл осы мәселенің бүкіл дүние халқына ортақ проблемаға айналарын қаламгерге тән жүрекпен алдын ала сезген секілді. Ал аударған Қалтай Мұхаметжанов пьесаны қазақ көрерменіне мейлінше жақындатып, ата-анасынан алыстап бара жатқан балалардың жүрегіне иман нұрын себуді мұрат тұтқаны анық.
Медицина • 04 Желтоқсан, 2020
Жаһан жабылып дауасын таппаған дерт
16 қарашада Қазақстан «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» дүниежүзілік науқанына ілескен еді. ЮНЭЙДС бастаған бұл бастама Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында өткізіледі. Еліміздегі бұл іс-шара 24 қарашада мәресіне жетті.
Медицина • 04 Желтоқсан, 2020
Трансплантология түйткілі (Ағза донорлығына мұқтаждар қатары артуда)
«Өз бауырларымның денсаулығы жарамайды. Ал ағайыннан бауыр түгілі қарызға ақша сұраудың өзі ауыр», дейді Мөлдір мұңайып. Иә, басыңа іс түскенде қарлығаштың қанатымен су сепкендей жанашырлық танытатын да, мәртебең асқақтағанда шын ниетімен тілектес бола алатын да – бауырың.
Теннис • 04 Желтоқсан, 2020
Елордада теннистен ITF Juniors J3 санатына енетін жасөспірімдер арасындағы «Nur-Sultan Open» халықаралық турнирі басталды.