Қоғам • 24 Желтоқсан, 2019
Ақиқаттың айнасы – «Адалдық алаңы»
Ұлттың өзгелермен терезесі теңелуі үшін оның ұлттық сана деңгейі көтерілуі шарт. Ұлттық мүдде, ұлттық намыс дегеннен жоғары тұратын ұғым болмайтыны баршамызға белгілі. Жалпы ұят жетілмей, қараңғылық тұманы басып тұрғанда, таланттылардың көбін сол тоғышарлық құрдымы тартып кетеді. Ал қазақ халқы болса бағзы заманнан бері адалдықты, әділдікті, шындықты ту етіп көтерген.
Экономика • 24 Желтоқсан, 2019
Қолжетімді қаржы ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл басынан бері Қазақстан өңірлерінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, тұрғындардың табысын өсіруге және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар белсенді жүзеге асырылып жатыр. Бұл орайда «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың жөні бөлек.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Қала әкімдігінің мәліметінше, өңірдегі «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұзға 241 отбасы қоныс аударған. Қоныс аударушыларға жалдамалы пәтерлер беріліп, балалары мектепте білім алуда, ал кішкентайлары балабақшада тәрбиеленуде.
Экология • 24 Желтоқсан, 2019
Ел экологиясын қорғау – Отанды қорғау
Биыл 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты Жолдауын жариялады. Бұл – елдің одан әрі дамуын айқындайтын басты құжат. Ел Президентінің осы бағдарламалық Жолдауы күллі мемлекеттік органдардың және жалпы ел азаматтарының қызметі мен бағдарын анық бағамдаудың негізгі алғышарты. Осы Жолдауда жақын аралықта елдің үдемелі дамуының негізгі бағыттары ғана анықталып қоймай, қоғамның одан әрі тұрақты дамуына, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуіне және қазақстандықтардың өмір сүру сапасына байланысты нақты тапсырмалар берілді. Осы тапсырмаларды елдік мүдде, мемлекеттік өрлеу тұрғысынан түсініп, оның атқарылуын, нақты жұмыстар жасалуын қадағалау біздің міндетіміз.
Экономика • 24 Желтоқсан, 2019
Жер қойнауын кімдер игеріп жүр?
Соңғы кездері еліміздің іскер ортасында жер қойнауына қатысты қызу пікірталас өрбіді. Бұған аталған салада ұлттық операторды тағайындау мәселесі түрткі болды. Жекелеген компаниялар бұл бастамаға қарсылық білдірсе, ел билігі оның пайдалы қазбалар нарығын дамытуға септігін тигізетініне сенімді. Шынтуайтына келгенде, Қазақстанда нағыз металдың он шақты түрі ғана дайын өнім түрінде шығарылады. Сала мамандарының айтуынша, отандық геологияны тездетіп қолға алмаса, алдағы онжылдықта ауқымды проблемалар басталуы мүмкін. Бұл қауіп қаншалықты рас? Міне, осы мәселеге назар аударған едік.