Елорда • 31 Желтоқсан, 2023
Елорда төрінде өткен «Жаңа жыл республика төрінде» атты Президент шыршасы әдеттегідей балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Ертегі әлеміне толы кешке еліміздің әр өңірінен 100 бала қатысты. Олардың барлығы – спорттық жарыстарда үздік шығып, оқуда озат атанған үлгілі оқушылар. Балалар мультфильм кейіпкерлері мен Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар секілді қазақ ертегілерінің қаһармандарымен бірге жарқыраған жаңа жылдық шыршаны айнала билеп, ойын-сауық бағдарламасын тамашалады.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2023
Су қоймасындағы техникалық көпір
Сонау 50-жылдары Бұқтырма су электр стансасы салынып, Күршім мен Марқакөл жұрты аралда қалып қойғандай күйге түскен-ді. Жаз шықса, пароммен қатынап, қыс түссе, мұзбен жүрген тұрғындардың мәселесін Президент «Egemen Qazaqstan» газетінен оқып, Үкіметке тапсырма берген-тұғын.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2023
Теміртау жастарында орталық бар
Теміртау қаласында тұңғыш рет Жастар орталығы ашылды. Жыл соңында құрыш қала жастары үшін бұл айтарлықтай жаңалық болды.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2023
Жаңа жылда жаңа аудандар құрылады
Шығыс Қазақстан облысында қос ауданның халқы малақайларын аспанға атып, қуанып жатыр. Жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.
Ғылым • 31 Желтоқсан, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Superpave технологиясын өндіріске енгізу жұмыстарын бастады. Озық әдіс асфальтбетонды жобалау кезінде климаттық факторларды, көлік жүктемесін, қозғалыс қарқынын және шикізат сапасын ескереді. Нәтижесінде, жол төсемінің беріктігі қамтамасыз етіледі.