Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2023

Жаңажылдық пойыздардың сапарлары басталды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл №4/3 «Астана-Нұрлы Жол-Алматы», №77/78 «Алматы-Маңғыстау», №45/46 «Павлодар-Түркістан» және №38/37 «Маңғыстау-Семей» бағыттары бойынша пойыздар жаңажылдық стильде безендірілді. Кестеге сәйкес түрлі уақытта қатынайтын аталған пойыздар 29 желтоқсаннан бастап қалалар бойынша жолға шықты, деп жазады Egemen.kz.

Жаңажылдық пойыздардың сапарлары басталды

Арнайы безендірілген  пойыздар ақпан айына дейін жүреді. Жолсеріктер Аяз Ата, Ақшақар рөлін сомдап, жолаушыларды мерекемен құттықтап, балаларға сыйлықтар беруді бастады. Ертегі кейіпкерлеріне кезіккен балалар жаттаған тақпақтарын белсене айтып жүр.  

Жаңа жыл мерекесін жыл сайын пойызда қарсы алатындар аз емес. Сондай жолаушылардың айтуларынша, жаңа жылдық кеште пойыз өзгеше тыныштық атмосферасына бөленіп, мерекелік көңіл-күйге толығымен енуге және келер жылға жоспарлар құруға мүмкіндік береді. Ал жаңа жылдық стильде безендірілген пойыз мерекені неғұрлым үстемелей сезіндіреді.