Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Биылғы 24 ақпанда Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы Терісбұлақ өзені ағып жатқан Байқоңыр көшесіне барып, тексеру барысында құбырдың бітеліп қалғанын анықтады. Соның салдарынан өзенге кәріз ағындары төгілген. Құдықты тазарту үшін Жасыл экономика басқармасы «Алматы Су» МКК қызметкерлерін шақырды. Жұмыс үш күнге созылып, 26 ақпанда Терісбұлақ өзеніне кәріз суын ағызу тоқтатылды.
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 7 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Коронавирустық індетпен бірлескен күрес мақсатында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі (АӨСШК) қазақстандық төрағалық аясында гуманитарлық көмекті Ауғанстан, Ирак және Палестинаға табыстаудың ресми рәсімі өтті. Гуманитарлық көмектің демеушісі «HALYK» қайырымдылық қоры болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Ақмола облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бұл туралы брифингіде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz