Білім • 20 Ақпан, 2025
«STEAM» жүйесі неге дағдарып тұр?
Қазіргі таңда еліміздегі білім жүйесінде «STEAM» (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) бағыты ерекше маңызға ие. Білім саласын заманауи талаптарға сай дамыту үшін бұл жүйенің қажеттілігі сөзсіз. Дегенмен тамаша бастамалардың көбі қағаз жүзінде қалып қояды. Шындығына келсек, көп мектепте «STEAM» білім берудің аты мен кабинеті ғана бар.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
«Әлеуметтік әмиян»: Әлеуетті арттырудың артықшылығы
Азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын қолжетімді әрі ашықтығын қамтамасыз ету маңызды. Осы мақсатта «Әлеуметтік әмиян» жобасы қолға алынды. 2020 жылы алғаш іске қосылған ілкімді жоба биыл барлық салада толыққанды орнауға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында Үкіметке осы тапсырманы мерзімінде орындауды жүктеді.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
«Зерделі» жасампаздыққа үндейді
Былтыр «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталықтары мен мектептер желісінің құрылғанына 10 жыл толды. Кішігірім орталықтан басталған ұйым осы жылдар ішінде іргелі ұжымға айналды. Қазіргі таңда оның ел көлемінде 40-тан астам орталығы, 7 мектебі, жалпы саны шамамен 50 бөлімшесі бар. Бүгінде 20 мыңнан аса оқушы осы «Зерделі» мектептерінде білім алады. Оларға барлық жағдай жасалған. Білім орындары барынша заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған.
Мирас • 20 Ақпан, 2025
Көрнекті фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы Едіге Тұрсыновтың жеке кітапханасы Almaty Management University-де ашылды. Кітаптарды университетке ғалымның қызы Қарлығаш Тұрсынова сыйға тартты. Іс-шара «Open Library AlmaU», «Аспандау» ғылыми білім беру қоры, «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі және «Жолшы» философиялық қоғамының қолдауымен «Дала ілімі» түркі ғылыми семинары аясында ұйымдастырылды.
Жансарай • 20 Ақпан, 2025
Театр деген үлкен бір мәуелі бақ секілді... Бабы келісіп, дер кезінде дем беріп отырса, жапырағын жайып, жайқалады. Сондықтан болса керек, кез келген театр басындағы басшы-бағбанның мықты болуы – өнер жеңісінің басты алғышарты. Театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мирғалиеваның өнердегі ширекғасырлық өрісті жолына көз тіккенде, дәл осындай ойдың көңілді тербейтіні рас.