Реформа • 22 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция жобасында адвокатура мәртебесінің бекітілуі қандай маңызға ие?
Елімізде жаңа Ата заң жобасы ресми түрде жарияланды. Басты құжат жобасының сегізінші бөлімі «Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» деп аталып, осы бөлімге жаңа 86-бап енгізілді. Аталған бапта адвокатура институты алғаш рет конституциялық деңгейде айқындалып отыр. Бұл өзгеріс мазмұндық әрі құқықтық негіз тұрғысынан ерекше маңызға ие. Себебі бұған дейін адвокатураның мәртебесі салалық заңмен ғана реттеліп келсе, енді ол құқықтық мемлекет жүйесінің ажырамас институты ретінде негізгі заңда айқын көрініс тапты. Мамандар бұл бастаманы тарихи маңызы бар шешім деп бағалап отыр. Астана қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Бақыт Нұрлықұлдың айтуынша, жаңа норма адвокатураның қоғамдағы рөлін тереңірек түсінуге, оның сот төрелігі жүйесіндегі теңгеруші институт ретіндегі орнын айқындауға мүмкіндік бермек, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Ақпан, 2026
Джеки Чан, Геннадий Головкин және Михаил Шайдоров Миланда кездесті
Тарихи сәтті сипаттайтын кездесу суретімен алдымен World Boxing және Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудты Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 22 Ақпан, 2026
Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 22 Ақпан, 2026
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Алматы мен Астана қалаларындағы айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.