Президент • 27 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді
Бүгін Мемлекет басшысы Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алды. Ресми рәсімнен кейін тараптар шағын құрамда келіссөз өткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 27 Ақпан, 2026
Щучинсктегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды: Кінәлілер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Щучинсктегі дәмханада болған жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға кінәлілерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Ақпан, 2026
Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына 5 млрд доллардан астам қаржы салды
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті. Кездесуде экономиканың басым салаларындағы жобаларды іске асыру және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2026
Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген 20 адам жауапкершілікке тартылды
Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен полиция органдары мен жергілікті атқарушы органдар вандализммен күрес жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы жылдың басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру немесе жою әрекеттері үшін 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 13 адам қамаққа алынса, 7 адамға жалпы сомасы 1,3 млн теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Ақордада Сербия Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Сербия Президенті Александр Вучич ресми сапармен келді. Бүгін мәртебелі мейманды Ақордада Мемлекет басшысы қарсы алды, деп жазады Egemen.kz.