Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Семейдегі аспалы көпір аяз салдарынан жарылып кетті
Кейінгі үш тәулікте Қазақстанның шығысында аяз күшіне мініп тұр. Салдарынан Семейдегі танымал аспалы көпір жарылып кетті. Көпір үстіндегі жарық өлшемі кей жерлерде 25 см-ге жетеді, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 19 Ақпан, 2024
«680 млн теңге ұрлаған»: Алматыда жемқор шенеунік ұсталды
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Kuzilalan Cup: Алина Саркуловаға екі алтын тағылды
Түркияның Анталья қаласында велоспорттың маунтинбайк түрінен Kuzilalan Cup (Қызылалан Кубогы) мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics мәліметіне сілтеме жасап.
Ән • 19 Ақпан, 2024
Рахат-Би Әбдісағин операсының премерасы Ұлыбританияда аншлагпен өтті
«Қазақ Моцарты» Рахат-Би Әбдісағин Шотландияның ең атақты патшаларының бірі 750 жылдығына орай опера жазды. 17 ақпанда Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, дарынды композитор-пианист Рахат-Би Әбдісағин жазған «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтті. Қойылымда Шотландия Корольдік консерваториясының солистері, хоры және дирижерлер өнер көрсетті. Опера Глазго университетінің Шотландия әдебиетінің профессоры, ақын Алан Риачтың жанды дауыста оқуымен Рахат-Би өзі орындаған он минуттық орган увертюрасымен ашылды.
Ғылым • 19 Ақпан, 2024
ЕҰУ ғалымдары экологиялық мониторинг үшін «электронды мұрын» жасап жатыр
Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары «Сколково» зерттеушілерімен бірлесіп жасанды интеллект негізінде «электронды мұрын» жасап жатыр. Көп функциялы құрылғыны экологиялық жағдайды бақылаудан бастап, өнімнің сапасын анықтауға немесе адам денсаулығын бақылау тәрізді әртүрлі салаларда қолдануға болады. Ғалымдар «электронды мұрын» желісін құруды және қаладағы қоршаған ортаны бақылау жүйесінің прототипін құрастыруды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.