Пікір • 18 Ақпан, 2025
Сарапшы: Күтіп отырғанымыз – толыққанды үшжақты келіссөз
– Кейбір сарапшылар 1932 жылғы Мюнхен келісімімен салыстырмалы түрде ұқсастық іздеп жатыр. Егер Украина қатыспайтын болса, келіссөздер аталған келісімнің мүдделеріне қайшы келуі мүмкін дейді. Біз білетіндей Мюнхен келісімінде Еуропа, оның ішінде Франция мен Ұлыбритания Германияға Чехословакияны «құрбан» еткен еді. Чехословакияның 38 пайызы Германияның құрамына өтіп кетті. Сондықтан мұндай келіссөздер Киевтің қатысуынсыз екіжақты форматта өтетін болса, Украинаның негізгі басымдықтары мен ұстанымдарына қауіп төнеді.
Әлем • 18 Ақпан, 2025
Эр-Риядта әлемді алаңдатқан келіссөз басталды
Бүгін Сауд Арабиясында АҚШ пен Ресей делегациясы Украинадағы қақтығысты тоқтатуға байланысты келіссөзге кіріседі. 2022 жылдың 24 ақпанындағы күрделі оқиғадан кейін дәл мұндай жоғары деңгейдегі талқылау болған емес. Алайда бұған Украина қатыспайды. Келіссөз қандай нәтиже бермек?
Оқиға • 18 Ақпан, 2025
Ұлытау облысындағы апатқа орай полиция қылмыстық іс қозғады
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде жеті адам қаза тапқан апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпкер • 18 Ақпан, 2025
ЛЭД-экран нарығының көшбасшысы
Сәт сайын мың түрлі бояуымен қырық құбылып тұратын экрандағы жарнамалар Алматының бір бөлшегіне айналып кеткенін аңғару қиын емес. Жарнама индустриясының әміршісіне айналған жарықдиодты экрандар статикалық суреттен барлық параметр бойынша айла асырады: Әу баста «лэд экран» деп аталатын тосындау атауына да қазір құлағымыз үйреніп кетті. Кейіпкеріміз Қайрат Жастарбекұлы Алматыдағы лэд-экран индустриясының 40 пайызын игеріп отыр. Алматы нарығымен шектелмей, Қырғызстан астанасы Бішкектен де «Aray-LED» компаниясының филиалын ашқан.
Үкімет • 18 Ақпан, 2025
Басшылардың біліктілігін көтерудің бағдарламасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы ашылды. Оқыту 17 модуль арқылы жүргізіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Жазықбайдың қатысуымен өткен жиында айтылды.