Тарих • 20 Ақпан, 2026
Аштықтан құтқарған Құлболдының диірмені
Бұл оқиғаны облыс орталығында тұратын 74 жастағы Бермет Мұстафина апайымыздан естідік. Ол кісі Қырғызстанның Шу облысының Жайыл ауданындағы Үшемшек өзенінің жағасындағы Сусамыр өңірінде дүниеге келген. Қазақтың «Сусамыр – елдің жайлауы, Өмірдің бар ма байлауы», деп шырқайтын Сусамыры қырғыз бауырларымызда да бар екен. Осы өңірдегі «1 май» деп аталатын айыл апайдың туған жері. Алатау сілемдерінің бөктеріндегі табиғаты тамылжыған сұлу мекен.
Саясат • 20 Ақпан, 2026
Елордадағы сараптамалық басқосу
Заңнама және құқықтық ақпарат институтында Мәжіліс депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Бәшімовтің қатысуымен сараптамалық кездесу өтті. Сараптамалық диалог барысында «Адам құқығын қорғау саласындағы конституциялық жаңашылдықтар: жаңа тетіктер мен кепілдіктер» тақырыбы әңгімеге арқау болды.
Ғалам ғажаптары • 20 Ақпан, 2026
Гиннесс рекордтар кітабы мәліметінше, әлемдегі ең ұзақ уақыт үзілмей көрсетіліп келе жатқан анимациялық телесериал – жапондық «Садзаэ ханым» туындысы.
Ғалам ғажаптары • 20 Ақпан, 2026
«Guinness World Records» дерегіне сүйенсек, экранда ең көп бейімделген сюжет «Күлше қыз» ертегісіне тиесілі. Шығарма желісі әр дәуірде қайта жаңғырып, көрерменге кино, теленұсқа, анимация секілді сан қырлы нұсқада ұсынылып отырған.
Жәдігер • 20 Ақпан, 2026
Энеолит дәуірінен жеткен қазына
Атырау облысында көне дәуірдің көмбесі сақталған тарихи мекендер аз емес. Мәселен, Қызылқоға ауданында Қарабау-2, Қарақұдық-1, Қарақұдық-2 қорғаны бар.