Айтыс • 18 Ақпан, 2025
Сырда Қызылорда мен Алматы облысы ақындарының «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық командалық айтысы өтті. Облыс әкімдігі мен «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай, еңбек құндылықтарын насихаттаған өнер додасында жұртшылық түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысын көріп, жыр, терме, дәстүрлі ән және күй жанрларында сынға түскен өнерпаздарға қол соқты.
Қоғам • 18 Ақпан, 2025
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан көне Тараз шаһары үш жыл бұрын Дүниежүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне енді. Байырғы дәуірде-ақ қолөнер шеберлерінің таңдаулы туындыларымен талай жұртты тәнті еткен Таразда соңғы жылдары халықаралық қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастыру дәстүрге айналды. Белгілі мамандар сол іс-шарада өзара тәжірибе алмасып жүр.
Руханият • 18 Ақпан, 2025
Мұстафа Шоқай мен Әли Мардан бек Топчибашы (ӘlimӘrdan bәy әlәkbәr oğlu Topçubaşov) есімі түбі түркі халықтарының тәуелсіздік жолындағы күресінің ең бір көрнекті өкілдері ретінде тарихтан мәлім. Мақсат-мүдделері бір қос тұлғаның түркі мемлекеттері мүддесі жолындағы күрескерлік рухы әлі де өзінің маңызды рөлін жоғалта қойған жоқ.
Театр • 18 Ақпан, 2025
Халықтық өнердің өрісін кеңейтіп, жұлдызын жарқыратып жүрген ұжымның бірі – «Қарасай жастары» театры десек, артық айтқандық емес. Атауы айтып тұрғандай құрамы өнер десе ішкен асын жерге қоятын талантты жастардан тұратын театр ұжымы әуел бастан нық тұрып, сахналық қойылымдары көрермен жүрегінен жылы орын алады.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2025
Тасқынға даярлықты күшейту қажет
Павлодар облысында 52 елді мекен қарғын судың құрсауында қалуы мүмкін. Өңірде су тасқынынан пайда болатын ықтимал апаттардың алдын алуға қатысты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын зерделеп көрдік.