Үкімет • 27 Ақпан, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Өндіріс • 27 Ақпан, 2025
Өңірде өнеркәсіптік кластер құрылады
Металлургтер қаласы Теміртауда ірі компаниялар мен шағын және орта бизнесті біріктіретін еліміздегі ең алғашқы өнеркәсіптік кластер құрылады. Бұл туралы «Qarmet» креативті технологиялар орталығында өткен «Өнеркәсіптік кластерді және ел ішіндегі құндылықтарды дамыту» атты бизнес-форумда мәлім болды.
Саясат • 27 Ақпан, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әділет органдарын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды. Онда Әділет министрі атқарылған іс туралы баяндады. Тағы бірқатар тиісті ведомство өкілдері мен салаға қатысты мамандар да сөз алды.
Үкімет • 27 Ақпан, 2025
Мәдениет пен білімді реттейтін құжат
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында депутаттар ТМД елдері арасындағы көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялар құру, қызметі және оларды жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялады. Сондай-ақ жалпы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді, отандық әдебиетті дамытуға, кітапхана қорын қолдауға бағытталған шараларды қамтитын заң жобасын қарады.
Қаржы • 27 Ақпан, 2025
Ұлттық банк қаңтар айында айналымдағы ақша базасын 4,1%-ға азайтып, 594,3 млрд теңгені «жұтып қойды». Реттеуші сайтында жарияланған құжатта көрсетілгендей, бір айда ақша базасы 14 трлн теңгеге дейін төмендеді.