Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Былтыр осы уақытта Сырдария өзенінен облыс аумағына 551 текше метр су келіп тұрса, биылғы көлем одан әлдеқайда аз – небәрі 180 текше метр. Бірақ ауа райы қысқа күнде қырық құбылып тұрған қазіргідей сәтте дарияға сенім жоқ. Сондықтан да қыстың көктемге ұласар сәтінде кездесіп қалар осындай оқыс оқиғаларға аймақтағы төтенше жағдай мамандары, қала мен аудан әкімдіктері тас-түйін дайын отырады.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
Қазақ елінің діни ұстанымы мен парасаты
Елордадағы ҚМДБ ғимаратында «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты кітаптың тұсауы кесіліп, қалың оқырманға жол тартты. Елге танымал ғалымдар, жазушылар, тарихшылар, депутаттар, зиялы қауым өкілдері мен дін қайраткерлері қатысқан іс-шарада ұлт руханиятына қосылған жаңа еңбек жайында келелі ойлар айтылып, дін саласында атқарылып жатқан игі жұмыстар талқыға салынды.
Кино • 19 Ақпан, 2024
Есімін мәңгілік мұра етіп иеленген, тоқсан жылдық тарихы бар «Қазақфильм» киностудиясы ұлттық кино өнерінің қалыптасып-дамуына айрықша ықпал еткен аса дарынды суреткер, режиссер Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойына айрықша маңыз берді. Қазақ киносының қара шаңырағы «Қазақфильм» ұлы режиссердің есімін тектен-тек иеленген жоқ. Киностудия – Аймановтың туындысы, шығармашылығы, еңбегі, шәкірттеріне, ізбасарларына, көрермендеріне қалдырған аманаты. Режиссердің ұрпағына қалдырған мұрасына қиянат жасамай, ілгері өркендету – бүгінгі киногерлер қауымының парызы.
Футбол • 19 Ақпан, 2024
«Ордабасы» мен «Тобыл» – финалда
Бұған дейін де біз Қазақстан Футбол федерациясы (ҚФФ) жаңа маусым қарсаңында отандық клубтар арасында турнир ұйымдастырылғалы жатқаны жөнінде жазғанбыз.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы үстел теннисінен өтіп жатқан командалық әлем чемпионатын Қазақстанның ұлттық құрамасы жеңіспен бастады.