Аймақтар • 22 Ақпан, 2021
Қоғамдық көліктер көгілдір отынға көшеді
Алматы қаласының ауа кеңістігін қалыпқа келтіру үшін қоғамдық көліктерді көгілдір отынға көшіру қажеттігі көптен айтылып жүрген мәселе. Миллиондар мекендеген шаһардың атмосферасына жыл сайын 120 мың тонна улы заттар бөлінеді десек, соның 70 мың тоннасы көліктерден келеді.
Экология • 22 Ақпан, 2021
Гидрологиялық бекеттер саны артады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook-тегі парақшасында «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары Серік Саировтың айтуынша, елімізде 377 гидрологиялық бекетте гидрометеорологиялық мониторинг жүргізілуде.
Руханият • 22 Ақпан, 2021
Қазақстанның қаржы саласындағы, салық жүйесіндегі шоқтығы биік шоғырдың ішінен Алданыш Нұрымовтың есімі ерекше естіледі. Әсіре айтқандық емес. Әсілінде, Алданыш Арыстанғалиұлының тәуелсіз Қазақстанның қаржы, салық қызметінің іргесін қаласқан ірі ғалым, ұтқыр ұйымдастырушы екенін жұртшылық жақсы біледі.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2021
Қалың елдің қабырғасын қайыстырды
Өткен жұма күні Жамбыл облысында қалың жұрттың төбесінен жай түскендей қайғылы жағдай орын алды. Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласының 2-шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерден өрт шығып, қызыл жалын 16 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жаудың салдарынан үйдегі киімдер мен жиһаздар өртеніп кеткен. Пәтер ішінде ата-анасының қарауынсыз кәмелет жасына толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы туған бес бала қалып қойған. Белгілі болғанындай, балалардың әкесі Нұрсұлтан жұмыста болған, ал анасы Меңсұлу дүкенге шығып кеткен. Өрт салдарынан бес бала да түтінге уланып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, араға біраз уақыт салып, бәрі де көз жұмды.
Экология • 22 Ақпан, 2021
Қолдағы ресурсты ақылмен игерсек игі
Қазақстанда минералдық-шикізат ресурстары жеткілікті. Жасыратыны жоқ, ұлттық экономикадағы едәуір үлес осы пайдалы қазбаларды игерумен байланысты. Алайда экономиканы құтқарамыз деп, экологияны құртып алмаған одан да маңызды. Сол себепті бұл бағытта тепе-теңдікті сақтап, қолдағы ресурстарды пайдалануда тұрақты даму тетіктеріне жүгінген абзал.