Кәсіпкер • 19 Ақпан, 2026
Балық өсіру – бәсі жоғары шаруашылық
Көлі мен өзені көп Жетісу жері балық шаруашылығында бәсі жоғары өңірдің бірі еді. Дегенмен тоқырау жылдары шаруалардың шырайы кетті. Бертін келе ішкі сұраныстың артуы тауарлы балық өндірісін қайта жандандырды. Бүгінде бұл кәсіпті дөңгелетіп отырғандар некен-саяқ.
Экономика • 19 Ақпан, 2026
Экономикалық аймақ іске кірісті
Қойнауы «қара алтынға» толы Атырау облысында тағы бір арнайы экономикалық аймақ жұмысын бастайды. Былтырғы 1 желтоқсандағы Үкіметтің қаулысымен құрылған жаңа аймақтың қандай ерекшелігі бар?
Қоғам • 19 Ақпан, 2026
Түрлі себеппен жайылатын ағайын дастарқанында көбіне өзгелердің әңгімесін еріксіз естіп отырасың. Мұндайда біреулердің өзара сұхбаты бостекі болса, көңіл аудармайсың, ал мәнді де мәністі тақырып өрби қалса, зейініңді бөліп, әсерлі, пайдалы дүние күтіп дәметесің. Кейде дәмең тентіреп кетсе, бірде олжаға кенеліп, жан дүниең рақаттанып, жоқ жерден жетісіп қаласың. Енді дәл осындай, яғни жанға жағымды тиген бір сұхбат жөнінде айтудың орайы келіп отыр.
Дін • 19 Ақпан, 2026
Рамазан - жаһанды ізгілікке жұмылдыратын, имандылыққа ұмтылғандарды түрлі дерттен тазартатын ай. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 183-аятында: «Уа, иман еткендер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер», деп айтқан.
Мәдениет • 19 Ақпан, 2026
Бала кезіміздегі көп арманның бірі – Алматыны көру еді. Біздің ауылда Алматыға барып қайтқан бала сүйкімді көрінетін. Сөйткен арман қалаға алғаш рет әпкеммен жеттім. Абай ескерткішіне барып, суретке түстік. Адасып қалсақ, осы ескерткіштің түбінде күт дегені есімде. Қалтарыс-бұлтарысы көп үлкен қалада бір-бірінен көз жазып қалған адамның көбі осы алып ескерткіштің түбінде табысатын.