Өнер • 19 Ақпан, 2026
Аяқтың астында жатқан асыл тастарды біз байқай бермегенімізбен, Байболат Айтқалиұлы одан алқа жасап, жүзіктің көздерін жонады. Өңірде өтетін көрмелерден ғана көріп жүрген зергерді арнайы іздеп, шеберханасына барғанбыз. Жақұт пен лағыл, аметист пен опал сынды тастардан таңғаларлық әшекей жасап жүрген шебер «Креативті дамыту орталығының» жертөлесінде отырады екен.
Ата заң • 19 Ақпан, 2026
Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды
Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының жұмысы шеңберінде Жетісу облысы активімен кездесу өтті. Іс-шара жаңа Конституция жобасы мен алда болатын республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмысының бөлігі ретінде ұйымдастырылды.
Білім • 19 Ақпан, 2026
Мектептегі қағазбастылық мәселесі көп жылдан бері білім жүйесіндегі шешілмейтін түйінге айналды. Мұғалімдер құжат пен есепке көп уақыт жұмсайтынын айтса, жас мамандар жұмысқа бейімделе алмай саладан кетіп жатыр. Ал Оқу-ағарту министрлігі цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу арқылы оқу барысын жеңілдетуге тырысып жатқанын алға тартады.
Саясат • 19 Ақпан, 2026
Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп
Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында былтырғы жұмыс қорытындыланып, биылғы басты міндеттер айқындалды. Жиынды Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ашып берді.
Тұлға • 19 Ақпан, 2026
Адалдық антынан аттамаған адамның жүзі қай кезде де жарық болады. Еселі еңбегімен елдің құрметіне бөленген абзал азаматтардың жүйелі жұмысы ешқашан да жұрт жадынан өшпек емес. Тік жүріп турашылдығынан танбаған Тәліпбек Сапарбекұлының өзі өмірден өтсе де, артына қалдырған мұрасы оның тұлғасын биіктете беретіні даусыз.