Экономика • 16 Ақпан, 2023
АӨК: қай өндіріс табысты? Азықтандырумен қатар пайда табу да маңызды
Ауыл шаруашылығы саласындағы бизнестің қаншалықты сәтті жүріп жатқанын бірнеше статистикалық көрсеткіш бойынша бағалауға болады. Солардың бірі – жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны. Олар өз қызметін заңды тұлға, жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары түрінде жүргізеді. Бүгінде еліміздің әр өңіріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының кірістілік деңгейі әрқалай.
Қоғам • 16 Ақпан, 2023
Түркия мен Сириядағы табиғат апаты бүкіл әлемді дүр сілкіндіргені белгілі. Қазіргі таңда аталған екі елде болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 40 мың адамнан асып кетті. Қайғылы жағдайға байланысты шартараптың түкпір-түкпірінен қол ұшын созып жатқандар жетерлік. Солардың бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, суретші Ерболат Төлепбай.
Отбасы • 16 Ақпан, 2023
Бала тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз
Өкінішке қарай, аймақ мектептерінде түрлі қылмыстық сипаттағы іс-әрекет әлі де азаймай отыр. Әсіресе әлімжеттік, қорлау, зорлау, сабау, тонау, қорқытып-үркіту сынды адами қағидаттарды мансұқтап, қатыгездікке желіккендерден зәбір көргендер де, тіпті соңы қайғылы жағдайлармен аяқталған оқиғалар да жоқ емес.
Үміт • 16 Ақпан, 2023
Бұрын ірі кәсіпкерліктің дамып, ал шағындар оның шаңына ілесе алмай қалғаны жиі айтылатын. Қазір олай деп шағынатын жөн де, жоба да жоқ. Өйткені кейінгі уақытта мемлекет шағын кәсіпкерліктің дамуына ден қойып отыр. Әсіресе қайтарымсыз гранттар біраз адамның кәсіп бастауына баспалдақ болып келеді.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2023
Тегін үйірмеге – төрт мың бала
Қарағанды аймағында балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін тегін үйірмелер көбейіп келеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазір облыста ақысыз 144 үйірме жұмыс істеп тұр. Онда 4 806 бала түрлі бағытта өзін-өзі дамыта алады.