Референдум • 17 Ақпан, 2026
Ұлт тұтастығын айшықтайтын референдум
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Жамбыл облысына келді. Өңірде коалиция мүшелері жұртшылықпен, жастармен, еңбек ұжымдарымен және шағын бизнес өкілдерімен әңгімелесті. Көпшілік жаңа Конституция мемлекеттің ұзақ мерзімге негізделген ұлттық мүддесіне толық сай келетінін атап өтті.
Тағзым • 17 Ақпан, 2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Сәлем саған, туған ел» атты музыкалық кеш өтті.
Пікір • 17 Ақпан, 2026
Жауапкершілік жүктейтін сындарлы сәт
Мемлекеттің Ата заңы – Конституция құқықтық құжат қана емес, ол елдің саяси құрылымы, билік тармақтарының тепе-теңдігі, азаматтың құқығы мен мемлекеттің жауапкершілігін айқындайтын төл құжат.
Руханият • 17 Ақпан, 2026
Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?
Ұлытаудан басталып, Түркістан, Атырау, Көкшетау өңірлерінде жалғасын тауып, қасиетті Қызылордада түйінделген Ұлттық құрылтай өткенімізді таразылап, болашақты бағамдайтын рухани алаңға айналды. Сыр бойында өткен бесінші Құрылтайда айтылған ойлар ұлттық мұрамызды әлемге танытудың нақты бағытын айқындап берді.
Референдум • 17 Ақпан, 2026
Онлайн марафон: Жаңа жобаның жай-жапсары түсіндірілді
Сенбі күні елордамызда жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған «Референдум-2026» онлайн марафоны өтті. Алты сағат бойы 100-ге жуық сарапшы, заңгер, қоғам белсендісі мен мемлекет қайраткері ашық диалог алаңында талқылаулар өткізіп, Негізгі заңның мазмұны мен маңызын, қоғам өміріне ықпалын жан-жақты талдады.