Қазақстан • 18 Ақпан, 2021
Сенат уран өндіру мәселесі туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Жер қойнауын пайдаланушылар уран өндіру зардаптарын жою жоспарын барлық жұмыс басталғанға дейінгі құжаттар топтамасын дайындау сатысында ұсынуға тиіс. Кен орнындағы қордың едәуір өскені анықталған жағдайда, олар өз кірістерінің бір бөлігін сол аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттауға міндетті болады. Осы жаңалықтардың бәрі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылып отыр. Бұл құжат бір топ Парламент депутатының бастамасымен әзірленгенін айта кеткен жөн.
Білім • 18 Ақпан, 2021
Шымкенттік ұстаз онлайн оқытуда республикада үздік атанды
Елімізде таралған індетке байланысты қашықтан білім беру жүйесі - BilimLand платформасында жалғасты. Шымкенттік мұғалімдер ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін жылдам игеріп, онлайн оқытуда республикада көш бастады. Мұндай нәтижеге Дильбар Нарметова секілді ұстаздардың іскерлігі мен жаңашылдыққа икемділігінің арқасында қол жетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 18 Ақпан, 2021
Тағдырын театрмен тоғыстырған Қалтөре Жұмақұлов
Өнер саласының ең көркем әлемінің бірі – бейнелеу. Осы қылқалам қуатымен жан бітірген шеберлердің ішінде болмысы бөлек, бәсі биік маман иесі – театр суретшісі.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында қар өлшеу жұмыстары жүргізілуде
Қарағанды облысының ТЖД «Қазгидромет» РМК филиалымен бірлесіп Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің жоғарғы ағысында қарды қайта өлшеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Шымкентте медицина қызметкерлері цифрлық жүйемен жұмысқа қабылданады
Медициналық білімі бар азаматтар енді мемлекеттік медициналық мекемелерге ақпараттық жүйе арқылы жұмысқа қабылданатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.