Экономика • 16 Ақпан, 2026
Таза пайда 7%-ға өсті: Өсім бойынша қай банк көш бастап тұр?
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) жиынтық таза пайдасы 2,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 7%-ға артты. 2026 жылғы 1 қаңтардағы дерекке сәйкес, банк активтерінің табыстылығы (ROA) 4,2%, ал меншікті капиталдың табыстылығы (ROE) 28,4% болды. Сектордың жиынтық меншікті капиталы 10,6 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 19,1%-ға ұлғайды. Жалпы пайданың 87%-дан астамы немесе 2,3 трлн теңгесі меншікті капиталы ең ірі 10 банкке тиесілі. Бұл – нарықтағы негізгі ойыншылардың қаржылық нәтижесі сектор тұрақтылығына тікелей әсер ететінін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысында жолды күтіп-ұстамаған 66 шенеунік жауапкершілікке тартылды
Қыс мезгілінде Актөбе облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарына 684 тексеру жүргізді. Рейд барысында жолдардың қардан уақтылы тазартылмауы, көктайғаққа қарсы инерттік материалдардың себілмеуі, жол белгілерінің көрінбеуі, жол ортасындағы ойықтар мен терең шұңқырлар, асфальт жамылғысының бұзылуы сияқты кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Ақпан, 2026
Жұмыс орындары, технологиялар, инвестициялар: ТШО-ның жергілікті өндірісті дамытудағы рөлі
«Теңізшевройл» (ТШО) − Атырау облысында жұмыс істейтін жетекші мұнай-газ компаниясы, Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші және ондаған жыл бойы өңір мен ел экономикасының қалыптасуына ықпал етіп келе жатқан ірі инвестор. Компания жергілікті бизнесті қолдау мен ынталандыруда маңызды рөл атқаруын жалғастырып, экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі және Қазақстан мердігерлерімен тұрақты серіктестіктің айқын үлгісі ретінде танылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалы құрылды: 1 000 іс-шара өткізіледі
Бүгін елордада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалының ресми ашылуы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Ғалымдар диабет және жүрек ауруларының алдын алатын өнім әзірлеп жатыр
Қазақ тағамдық және қайта өңдеу өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) ғалымдары семіздік, 2 типті қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алуға арналған диеталық құрғақ таңғы ас әзірлеу жобасын аяқтап келеді. Жоба халықтың тамақтану сапасын арттырумен қатар, функционалды өнімдер сегментінде импортты алмастыру мәселесін шешуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.