Әдебиет • 13 Ақпан, 2024
Бұрынырақтағы қазақтар білген шығар. Ғайыптан тайып арыстан не жолбарыс тап келсе, қандай әрекетке көшу керегін. Себебі даламызда бертінге дейін жолбарыс болғаны белгілі. Кейіннен тұқымы құрып кеткен соң, жоқ нәрсеге кім бас ауыртсын? Мұхтар Шаханов «Гималай жолбарыстары» деген өлеңінде осы туралы толғанады ғой. Ақын онда жолбарыспен кезіге қалған адам не істеу керегін шетелде жүргенде жолбарыс аулаушыдан естігенін келтіреді.
Табиғат • 13 Ақпан, 2024
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде биыл 520 мың түп тал егу жоспарланып отыр. Осылайша, орман алқабы жас көшеттердің есебінен 65 гектарға ұлғаюға тиіс.
Жануарлар • 13 Ақпан, 2024
Табиғат еркесін аямағандар жазаланады
Биыл басқа жерлердегі сияқты Солтүстік Қазақстанда да қар өте қалың. Сондықтан қар теуіп азық табатын жануарлар шөпке жете алмай ауылдарға да кіріп кетіп жатыр. Жуырда, тіпті Қызылжар қаласының Есіл бойындағы «Жеңіс» паркіне кіріп кеткен еліктерге сол жердегі тұрғындар базардан жем сатып әкеліп төгіп, тамақтандырды. Тағы бір жануарларды қаңғырған иттер қуып жаралап, бір азаматтар жарасын таңып, мал дәрігеріне тапсырды.
Жануарлар • 13 Ақпан, 2024
Өткен желтоқсан айындағы қатты аяз бен қалың қардан кейін тағылар тіршілігінде әртүрлі құбылыс орын алды. Ақсай шатқалдарының бірінде теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктіктегі таудың күнгей бетінде еліктердің бұрын-соңды кездеспеген топтасуы бақыланды.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2024
Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істейтін болады
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) кеңейтілген Алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.