Қазақстан • 13 Ақпан, 2024

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істейтін болады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) кеңейтілген Алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істейтін болады

Фото: gov.kz

Министрдің айтуынша осы күндері басқа елдерде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты 8 жаңа үкіметаралық келісімге қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазақстанды Оңтүстік Кореяның жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне (EPS) енгізу бойынша тиісті шаралар қабылданды», деді Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар министр Қазақстан азаматтарының шетелде заңды еңбек қызметін ұйымдастыру үшін жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді де жоспарлап отырғандықтарын қоса хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05

ҚазҰУ-да іске қосылған төрт ірі жоба

Университет • Бүгін, 07:45

Айт қабыл болсын!

Мереке • Бүгін, 07:00