Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында «Қазақстан ғылымы мен технологияларының форсайты: деректерден – шешімдерге» тақырыбында сессия өтіп, жиын аясында AI SilkNet ЖИ орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 27 Ақпан, 2026
Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті
Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) ұйымдастырған бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасын талқылау бойынша дөңгелек үстелге қатысты. Ол экономика мен кәсіпорындарды банктік қаржыландыруды тиімді және ауқымды нарықтық қаржыландырумен толықтыру қаржы жүйесінің алдында тұрған стратегиялық таңдау екенін атап көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2026
Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Алматыда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы жанынан құрылған «Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығының ашылуы және «Орталық Азия мұраты» кітаптар сериясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Шымкент қаласының әкімдігінде кезекті азаматтарды қабылдау іс-шарасы ұйымдастырылды. Кездесу барысында тұрғындар қала әкіміне түрлі мәселелер бойынша базыналарын айтып келді. Азаматтар баспана, жер мәселесін қозғап, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек көрсету, қаланы абаттандыру проблемаларын көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
Жамбыл облысында 623,3 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады
Биыл Жамбыл облысында егіс алқаптарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 16,7 мың гектарға азаяды, деп хабарлайды Egemen.kz.