Сондай-ақ, қабылдауда қаланы дамытуға байланысты бірқатар ұсыныстар мен бастамалар айтылды. Олардың біразы алдағы жұмыс жоспарына енгізіп, жан-жақты қаралатын болады. Мәселен жеке инвестициялар есебінен заманауи емхана салуға жер телімін бөлу мәселесі ерекше назарға алынады.
Жалпы, бір күн ішінде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен оның орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 150-ден астам азаматты қабылдады. Барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар мен кеңестер берілді. Өз кезегінде шаһар басшысы жауапты тұлғалар тарапынан тұрғындардың өтініштерін жедел әрі нақты орындап, кері байланысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
«Басты міндет – тек түсіндіру жұмысымен шектелмей, нақты нәтижеге қол жеткізіп бұл туралы өтініш иелеріне хабардар ету», деді әкім.
«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді