Білім • 05 Ақпан, 2025
1 300 мектеп жаңғыртудан өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында үш жыл ішінде 1 300 мектепті жаңғыртудан өткізуді тапсырғаны белгілі. Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент осы мәселеге арнайы тоқталып: «Үкімет заманауи мектептер салуға қолайлы жағдай жасап, орта білім беру саласына жеке инвестиция тартуы қажет», деді. Жыл сайын оқушы саны артып, мектептердегі орын тапшылығы үдеп тұрған уақытта бұл бастаманың маңызы жоғары екені анық. Өйткені ескірген білім ошақтарын жаңғырту үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешуге айтарлықтай ықпал етеді.
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Кезек күту: келеңсіздік қалай шешіледі?
Қоғамдық орындардағы кезек мәселесі – тек уақытты жоғалту ғана емес, сонымен қатар адам психологиясына әсер ететін құбылыс. Көптеген өңірде азаматтар ауруханаға, мемлекеттік мекемеге, тіпті базар мен дүкенге барған кезде ұзақ уақыт кезек күтуге мәжбүр болады. Әсіресе медициналық мекемелер мен мемлекеттік қызмет көрсету орындарында кезек күту қалыпты жағдайға айналған.
Пікір • 05 Ақпан, 2025
Еліміздің солтүстік пен орталық өңірлерінде аяздың себебінен сабақ болмайтынын біле қалса, оқушылар қос қолын көтеріп қуанатынын көз көрді. Мұғалімдердің ішінде де (таныс педагогтерден, әрекетінен) арқаны кеңге салатындардың барын білеміз. Ата-аналар арасында да таңмен таласып, қарлатып, борандатып баласын мектепке тасығысы келмейтіндіктен, білім басқармасынан «сабақ бүгін де болмайды» дегенді күтіп отыратындар жетерлік.
Жоба • 05 Ақпан, 2025
Энергия өндіретін жоба әзірлеген
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі аталған сала сайтында мұғалімдер мен дарынды оқушылардың жетістіктерін насихаттап отыратын «100 жаңа есім» атты айдар ашқан. Сондай-ақ мұнда мектеп өміріндегі қызықты оқиғалар да баяндалады.
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
«Ұлттық қор – балаларға»: деректі тексеру жолы
2024 жылы еліміздің барлық балаларына «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында арнайы қаражат есептелді. Бұл жоба мемлекет тарапынан балалардың болашағына инвестиция ретінде қарастырылып, олардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған.