Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге маңызды ескерту жариялады
Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 26 ақпаннан бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) бірқатар салық есептілігі нысандарының жаңартылған нұсқалары қолжетімді екенін хабарлады. Жаңашылдық салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге және есептілікті ұсыну үдерісін оңтайландыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Қарағандылық маман – Қазақстанның үздік криминалистерінің қатарында
Криминалист мамандығы көбіне көпшіліктің назарынан тыс қалады. Алайда дәл осы сала сарапшысының еңбегі қылмыстық істерді тергеудің нәтижелі аяқталуына тікелей әсер етеді. Осындай жауапты жұмыстың үздігі ретінде Қазақстанның ішкі істер саласында Қарағанды облысының өкілі Аида Жүсіпова жоғары бағаланды. Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған республикалық «Үздік криминалист» байқауында ол екінші орынға ие болды. Бұл беделді дода еліміздегі криминалистикалық қызметтің кәсіби деңгейін көрсеткен ірі сынақ болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2026
Қазақстан зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдер рейтингіне енді
Америкалық «U.S. News & World Report» басылымының сарапшылары зейнеткерлік демалыста өмір сүруге ең қолайлы елдердің кезекті рейтингін жариялады. Осы зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері арасында 77-орынға жайғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Алматыда курьерлік қызметке қойылатын талап күшейеді
Қалада курьерлер саны артқан сайын тұрғындардан түсетін шағымдар да көбейіп келеді. Енді полиция қызметкерлері барлық курьерлерге биометриялық сәйкестендіруден өтуді енгізуді, сондай-ақ шетел азаматтарын жұмысқа тартуды шектеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 26 Ақпан, 2026
Алты құрлық тыңдаған хабар: Бельгия радиосы Димаштың шығармашылығын дәріптеді
Бельгияның «106.3 AFM» радиостанциясы әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған кеңейтілген екі сағаттық арнайы бағдарлама жариялады. Халықаралық деңгейде өткен бұл эфирді әлемнің алты құрлығының тұрғындары онлайн режимде тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.