Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті
Жаңа кабинет
Жаңа кабинетте мынадай салық есептілігі нысандарының жаңартылған үлгілері орналастырылған:
-
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00 СЕН);
-
Акциз бойынша декларация (910.00 СЕН);
-
Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация (710.00 СЕН).
Аталған нысандар салық төлеушілердің міндеттемелерін нақты әрі уақтылы орындауына мүмкіндік береді.
СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне knp.kgd.gov.kz сілтемесі арқылы кіруге болады. Комитет өкілдері барлық салық төлеушілерді есептілікті тапсыру кезінде жаңа нұсқаларды пайдалануға шақырады.
Маңыздысы – Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС ақпараттық жүйесінде 2026 жылға арналған салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқалары қолжетімді емес. Сондықтан декларацияларды тапсыру барысында жаңартылған жүйені пайдалану қажет.
Құрылымдық бөлімшелер
Мемлекеттік кірістер комитеті дербес салық төлемейтін құрылымдық бөлімшелерге қатысты да нақты түсіндірме берді. Егер ұйымның мұндай бөлімшелері болса, жеке 200.03 СЕН құжатын ұсыну талап етілмейді. Есептелген сомалар бас ұйым тапсыратын 200.00 СЕН декларациясының 200.03 қосымшасы арқылы тиісті бөлімшелердің жеке шоттарында көрсетіледі.
Салық есептілігі нысандары және оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №695 бұйрығымен бекітілген. Бұл құжат «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрық аясында қабылданған.
Сұрақтар туындаған жағдайда салық төлеушілер knpsd@ecc.kz электронды поштасы арқылы қолдау қызметіне жүгіне алады.
Жаңартылған жүйе салықтық әкімшілендіруді цифрландыруды тереңдетіп, есептілік үдерісін ашық әрі тиімді етуді көздейді.
Салық төлеуші «Цифрлық бюджет» арқылы өз аударымын көре алады