Отбасы • 06 Ақпан, 2023
90-жылдардың басы – жаңа нарықтық қатынастардың ел ішіне енді ғана дендеп ене бастаған шағы. Басына тәңір сыйындай болып қона қалған тәуелсіздігіне тәу еткен тәубашыл жұрт сананы тұрмыс билей бастаған тұста абдырап қалғаны рас. Талабы нық нарық патша бұған дейін үкіметке арқа сүйеп әдеттенген үркердей жұртты әп дегеннен-ақ жұтатып жіберді. Әсіресе қиырда жатқан қазақы ауылдар үшін күнкөріс қиындады. Жайы қиынға, малы тиынға айналған біраз ағайын осы тұста қолындағы барын сатып, қалаға бет түзеді. Бір кездері өрісте малы шұрқырап, ошақта қазаны бұрқырап жататын қаншама ауылдың қалқиып көлеңкесі ғана қалды. Осы тұста табанды еңбек пен сұңғыла ақыл-парасатының арқасында туған жеріне тұтқа, еліне ес бола білген күрескер азаматтар шыға бастады.
Әлем • 06 Ақпан, 2023
Кеше Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп елді мекенінде 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Анадолы агенттігінің мәліметінше, жерасты дүмпуі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04.17-де, 7 км тереңдікте болған.
Несие • 06 Ақпан, 2023
Жеңілдетілген автонесие: кезекке тұрудың әлегі
Ақпанның алғашқы дүйсенбісі қым-қуыт тірлікпен басталды. Дәл осы күні, 6 ақпанда жеңілдетілген автонесиеге өтінім беру іске қосылған-ды. Бірақ бұл жобаның қызығы мен шыжығы басылмай тұр. Арнайы сайтқа өкпесі қара қазандай болғандардың қатары қалың. Басталмай жатып дауға қалған жобаның кемшілігі неде? Артықшылығы бар ма? Осы мәселелерге жауап іздеп көрген едік.
Ғылым • 06 Ақпан, 2023
Гарвардтағы қазақ ғалымының жобасы
АҚШ-тағы Гарвард университетінің Географиялық талдау жасау орталығының (Harvard Center for Geographic Analysis) зерттеуші-ғалымы, доктор Нұрлан Кенжеахметтің осы жылдың наурыз айынан бастап аталған орталықта «VI-ХХ ғасырлардағы Орталық Еуразияның топонимикалық Географиялық ақпараттық жүйесі (Toponymic GIS of Central Eurasia from the Sixth to Twentieth Centuries)» атты жобаны қолға алғалы жатқанын естідік.
Қоғам • 06 Ақпан, 2023
Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекіткені белгілі. Оны жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында биыл құқық қорғау және сот органдарында парасаттылыққа тексеруді немесе integrity check енгізу тетігін пысықтау көзделген.