Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Жауын-шашын мөлшерінің көп болуына байланысты қалада көктайғақ байқалады. Дабылды ескерту жарияланды. Коммуналдық қызметтер қарды тазалау жұмыстарын жалғастырып, көктайғақты болдырмау үшін тайғаққа қарсы қоспаны себу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 200 ассенизаторлық машина су жинауға шықты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2020
«Bek Air» компаниясының тексеру қорытындысы жарияланды
«Bek Air» компаниясына жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысы жарияланды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, компанияда әуе сапарын және ұшуға жарамдылықты ұйымдастыру, мұздауға қарсы өңдеу процедуралары, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің стандарттарына сәйкестігі, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік нормаларын сақтау тәртібі тексерілген.
Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Еліміздің жеті облысында жол учаскесі жабылды
Елімізде жеті облыстағы 25 жол учаскесі жабылды. Атап айтқанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының барлық жолдары жол жабық. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Елордада бірінші ауысымдағы мектеп оқушыларына сабақ болмайды
Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Сенің жырың мәңгілік құдыретті...
Қызылжар қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Абайдың 175 жылдығына арналған аймақтық ақындар мүшәйрасын өткізді.