Қоғам • 27 Ақпан, 2020

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жауын-шашын мөлшерінің көп болуына байланысты қалада көктайғақ байқалады. Дабылды ескерту жарияланды. Коммуналдық қызметтер қарды тазалау жұмыстарын жалғастырып, көктайғақты болдырмау үшін тайғаққа қарсы қоспаны себу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 200 ассенизаторлық машина су жинауға шықты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Қала әкімі Алтай Көлгінов бірнеше жерді аралап, жұмыс барысын бақылады. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қолайсыз ауа-райы жағдайында жұмыс істеген коммуналдық қызметкерлер сыйақы алатын болады.

26 ақпаннан 27 ақпанға қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1300-ге жуық арнайы техника мен 1 мың жұмысшы шықты.

Ал 26 ақпанда 1625 бірлік арнайы техника мен 1,5 мыңнан астам жол жұмысшылары жұмылдырылды.

Барлығы 4 млн 800 мың текше метр қар шығарылды (өткен жылы 1 млн 900 мың текше метр қар шығарылды).