Бизнес • 25 Ақпан, 2025
Еліміздің қойма нарығы Орталық Азиядағы ең ірі нарық болып есептеледі. Елдегі қойма алаңдарының 66%-ы Алматыда орналасқан. Сарапшылардың айтуынша, жыл санап өзекті болып келе жатқан бұл нарықтағы баға да жылдам қарқынмен өсіп келеді.
Қоғам • 25 Ақпан, 2025
Көптен күткен қоныстой: Жұртшылық жаңа заңның игілігін көре бастады
Президент өткен жылы қол қойған тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң биыл 24 мамырда күшіне енеді. Алайда құжаттың жекешелендіруге қатысты нормалары былтырғы 4 желтоқсанда қолданысқа еніп, жұртшылық оның игілігін көре бастады.
Мәселе • 25 Ақпан, 2025
Газ өңдеу зауытының игілігін қашан көреміз?
Каспий теңізінің біз жақ секторында көмірсутекті шикізат қоры табылған үш кеніш бар. Бұл – Қашаған, Қайраң және Ақтоты. Оның ішінде ең ірі кен орны – Қашағаннан «қара алтын» өндіру 9 жыл бұрын басталды. Бес елге ортақ айдын тереңіндегі мұнаймен бірге екі өнім ілесе шығады. Бірі – ілеспе газ, екіншісі – күкірт. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қашағандағы газ өңдейтін зауыт құрылысы мәселесіне арнайы тоқталды. Жобаға жауаптыларға құрылысты межеленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Саясат • 25 Ақпан, 2025
Бауырлас елмен баянды байланыс
Астанада Премьер-министр Олжас Бектенов пен алғашқы ресми сапарымен келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.
Суицид • 25 Ақпан, 2025
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне жүгінсек, әлемде әр 45 секунд сайын бір суицид оқиғасы тіркеледі. Бұл – сағатына 80, тәулігіне 2 мыңға жуық, ал жылына 700 мыңнан аса адам өз-өзіне қол жұмсап, ажал құшады деген сөз. Кейінгі 25 жылдың ішінде суицид саны едәуір қысқарғанымен, әлі күнге аса өзекті проблема күйінде қалып отыр.