Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Елімізде әйелдер мен жас қыздардың ерлердің қолынан қаза табуы жиіледі. Бұрын жеке отбасының ғана мәселесі деп қаралған тұрмыстық жанжал қазір терең әлеуметтік, психологиялық және құқықтық себептері бар жүйелі проблемаға айналды. Дәстүрді сылтауратып қыздарды еркінен тыс алып қашу да тыйылар емес. Жігіттер неге агрессорға айналып барады? Нәзік жандыларды қандай заңдар қорғай алады? Egemen.kz тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.
Білім • 25 Ақпан, 2026
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының кезекті кезеңі басталды. Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Елімізде мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде жаңғырту және сұранысқа ие сервистерді онлайн форматқа көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ел азаматтары осы жылдың сәуір айынан бастап, жарамдылық мерзімі аяқталған жүргізуші куәлігін eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде Қазақ КСР-нің Халық әртісі, актер, опера әншісі Кәукен Кенжетаевтың 110 жылдығына және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, киноактер Меңтай Өтепбергеновтің 80 жылдығына арналған «Ұлы мұра – ұрпаққа өсиет» атты тағылымды көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Мәулен Әшімбаев: Жаңа Конституциядағы экологиялық ережелердің Шығыс Қазақстан үшін маңызы зор
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мәслихат депутаттарымен, жергілікті жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, белсенді жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесті. Барлық іс-шара «Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» тақырыбына арналды. Сондай-ақ кездесулерде Мемлекет басшысы айқындап берген реформалардың басым бағыттары, Ата Заңның негізгі жаңа нормалары және Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы бірлескен жұмыс тетіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.