Байқау екі кезеңнен тұрады: өңірлік және республикалық. Өңірлік кезеңде қатысушылар өз педагогикалық идеясының мазмұны мен өзектілігін жазбаша түрде негіздеп ұсынады. Әрбір педагог тек бір бағыт бойынша бір ғана жұмыс жолдай алады. Жобалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде қабылданады. Ұсынылған материал бұрын еш жерде жарияланбаған, өзге конкурстарға қатыстырылмаған және авторлық құқық талаптары сақталған жеке әдістемелік идеяға негізделуі қажет. Ал бейнематериал тек республикалық кезеңге өткен жұмыстар үшін талап етіледі.
Байқау келесі бағыттарды қамтиды:
– оқу сауаттылығы;
– математикалық сауаттылық;
– жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;
– цифрлық сауаттылық;
– экологиялық сауаттылық;
– мәдениетаралық сауаттылық;
– қаржылық сауаттылық;
– жаһандық құзыреттер.
Өңірлік кезеңге өтінімдер 2 наурыз бен 30 маусым аралығында https://ppi.orleu.edu.kz сайтында қабылданады.
Президент әлемдегі ең үздік педагогтердің қатарына енген алматылық мұғалімді құттықтады