Спорт • 25 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Ақорда резиденциясында өткен марапаттау рәсімінде Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров көрсеткен қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша отандасымызға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 25 Ақпан, 2026
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары аясында Қарағанды облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Вице-премьер су басу қаупі жоғары Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет және Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық нысандар мен елді мекендердің жағдайын бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2026
Қызылордада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады
Қызылордада ауа райының күрт бұзылуы көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Көктайғаққа байланысты қала маңындағы елді мекендер мен әуежай бағытындағы автобустардың қатынауы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Ақпан, 2026
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жөнінде халықтың хабардарлық деңгейі жоғары екенін көрсетеді. «Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы туралы естідіңіз бе?» деген сауалнама сұрағына респонденттердің 87,5%-ы құжатпен белгілі бір деңгейде таныс екенін білдірген: олардың 34,2%-ы мазмұнын жақсы білетінін айтса, тағы 53,3%-ы жоба туралы естігенін, бірақ егжей-тегжейімен таныс емес екенін жеткізген. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 12,5%-ы бұл туралы ештеңе естімегенін мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.