Бизнес • 01 Ақпан, 2019
Кәсіпкер экономиканың тірегі болуы тиіс
Шағын және орта кәсіпкерлік дамыған елдерде экономиканың драйвері ретінде айрықша маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерлік өркендесе, халық жеке іспен айналысуға бейім болса, мемлекеттің мұртын балта шаппайтынын олар әлдеқашан түсінген. Күні кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының кәсіпкерлік саласына кезекті рет тоқталғаны бекер емес.