Қазақстан • 25 Ақпан, 2019
Гүлшара Әбдіқалықова Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды
Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 25 Ақпан, 2019
Білім және ғылым министрі лауазымына Күләш Шәмшидинованың кандидатурасы мақұлданды
Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызының кандидатурасын Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындауға келісті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 25 Ақпан, 2019
Мәжіліс Денсаулық сақтау министрі лауазымына Е.Біртановтың кандидатурасын мақұлдады
Мәжіліс Елжан Біртановты Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындауға келісті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 25 Ақпан, 2019
Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаевтың кандидатурасы мақұлданды
Мәжіліс Дәурен Абаевтың кандидатурасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындауға келісті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 25 Ақпан, 2019
Сенат депутаттары ЕҚЫҰ ПА сессиясына қатысты
21-22 ақпан күндері Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Төлеубек Мұқашев, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Дулат Құсдәулетов және Экономикалық саясат, инновациялар және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Михаил Бортник құрамына енген Парламент Сенатының делегациясы Вена қаласында өткен ЕҚЫҰ Парламентті Ассамблеясының қысқы сессиясына қатысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.