Парламент • 25 Ақпан, 2019
Мәжіліс Мәдениет және спорт министрінің кандидатурасын мақұлдады
Мәжіліс Арыстанбек Мұхамедиұлының кандидатурасын Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындауға келісті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 25 Ақпан, 2019
Мәжіліс Энергетика министрі лауазымына Қ.Бозымбаевтың кандидатурасын мақұлдады
Бүгін Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Жиында Палата Энергетика министрі лауазымына Қанат Бозымбаевтың тағайындалуын мақұлдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2019
Алматыда «Білім беру Альянсы» Консорциумы мүшелерінің жиналысы өтті
Өткен жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен ЮНЕСКО «EDTECH-KZ» Халықаралық білім беру орталығының қолдауымен «Білім беру Альянсы» Консорциумы құрылған болатын. Құрамына Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және республика облыстарының білім беру басқармалары кіретін консорциумның мақсаты – ҚР педагогикалық жоғары оқу орындарында бәсекеге қабілетті, заманауи қоғам талабына сай кадрлар даярлау үрдістерін үйлестіру.
Үкімет • 25 Ақпан, 2019
Мәжіліс Ж.Қасымбекті Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне мақұлдады
Мәжіліс Жеңіс Қасымбекті Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындауға келісім берді. Бұл туралы Палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 25 Ақпан, 2019
Мәжіліс Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрінің кандидатурасын келісті
Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтіп, онда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі лауазымына Әлихан Смайловтың кандидатурасы келісілді.