Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Ақтауда мемлекеттік қызметшілер тергеу изоляторында болды
30-ға тарта денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, оның ішінде ауруханалар мен емханалардың директорлары, бас дәрігерлер бас бостандығынан айырылғандар мен қылмыстық қудалауда жүргендер орналасқан аймақта болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Алматыда МӘМС енгізгелі бері КТ мен МРТ қызметін пайдалану 54%-ға артты
Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев пен Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қызмет көрсету туралы баяндады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы байқау өтеді
Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «ОТАН АНА» ІІІ Республикалық жас орындаушылардың байқауы өтеді.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Абай атындағы ҚазҰПУ еріктілері «Қайырымдылық керуеніне» қатысты
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Еріктілер жылының ашылуы аясында «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясы бастау алды. Акция Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен өтті.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары О.Әбішев іссапармен Маңғыстауда болды
Ақтауда Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішев, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» Медициналық көмек сапасы мониторингі департаментінің директоры Ләззат Шоманова, «ӘМСҚ» Маңғыстау филиалының директоры Руслан Бектубаев бастаған топ Маңғыстау облыстық ауруханасы, көпбейінді балалар ауруханасы, стоматологиялық емхана және «Сенім» клиникасы сында медициналық ұйымдарға барып, олардың МӘМС жүйесіне дайындығын тексерді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.