Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің идеясымен жүзеге асқан бұл шара мемлекеттік қызметшілерге темір тордың арғы жағында отырған күдіктілердің, айыптылардың және сотталғандардың жағдайларын көзбен көріп, жүрегімен түйсінулеріне мүмкіндік береді.
Дәрігерлер мен қызметкерлер абақтының ауасымен дем алып, қапастағы өмірдің ауыр атмосферасын сезінді.
Экскурсияның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтегілер өзгенің қателігінен сабақ алып, өз болашағына балта шаппаса деген ой, «Адалдың аты арып, тоны тозбайды» деген қазақ мақалының мәнін түсіндіру.
Осындай шаралар сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға өз септігін тигізеді деп күтілуде.
Алдағы уақытта өңірдегі барлық мемлекеттік қызметшілерді кезең-кезеңмен бас бостандығынан айыру орындарына апару жұмыстары жалғаса беретін болады.
Маңғыстау облысы