фото: gov.kz
Мәдениет және ақпарат министрллігінің мәліметінше, Алматы қаласында Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры «Ура! Наурыз! Каникулы» фестивалін өткізіп, театр репертуарындағы спектакльдердің көрсетілімін ұсынады.
Елордада қаланың бірқатар алаңдарында «Наурыз – береке бастауы» атты концерттік бағдарламалар, көпшілікке арналған, этномәдени іс-шаралар мен интерактивті жобалар өтеді. Алматыда мерекелік концерттер, фестивальдер ұйымдастырылады.
Шымкент қаласындағы «Астана» алаңында және қалалық саябақтарда «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі, гастрономиялық фестиваль, «Nauryz AI» IT іс-шарасы, сондай-ақ гала-концерт өтеді.
Ел өңірлерінде де концерттер, қойылымдар, фестивальдер, қоғамдық акциялар жоспарланған. Бұл іс-шаралар тұрғындарды достық, татулық пен өзара сыйластықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылмақ.
Айта кетейік, Наурызнама күнтізбесіне сәйкес 20 наурызда елімізде Ұлттық спорт күні аталып өтті. Бұл күн төл спортымызды дәріптеуге, насихаттауға және оны заманауи үрдістермен ұштастыра отырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды дата.