Ауа райы • Бүгін, 11:34

Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 наурызда Қазақстанның 13 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады. Ауа райының бұл құбылысы елді мекендерде зиянды заттардың жиналуына ықпал етпек, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Сенбі күні атмосфералық ауаның ластануы келесі қалаларда байқалуы мүмкін: Астана мен Алматы; Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған; Өскемен және Риддер; Ақтөбе, Орал, Қостанай және Павлодар.

ҚМЖ – бұл жер бетіндегі ауа қабатында зиянды заттардың шоғырлануына жағдай жасайтын қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Бұл жағдай тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ауа сапасы нашарлаған кезде келесі сақтық шараларын сақтау ұсынылады:

  • Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын жерде ұзақ жүрмеу керек. Балалар мен жүкті әйелдерге серуендеуден бас тартқан абзал.
  • Өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар жандар қажетті дәрілерін үнемі қасында ұстауы тиіс.
  • Ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеп, жаттығуларды жабық кешендерде өткізген жөн.
 
Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35