Президент • Бүгін, 16:25

Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

Президент бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асырудың, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызды екенін айтты.

3,7 миллиард долларлық келісім: Тоқаев Жапония Парламентінің өкілін қабылдады

Кездесуде Ресей Президенті Владимир Путиннің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы Астана аталған уақиғаға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді.

«Бұл сапарды биылғы екіжақты күн тәртібінің ең негізгі іс-шарасы ретінде қарастырамыз. Екі елдің одақтастық қатынастарын ілгерілетуде аталған сапар маңызды рөл атқарады деп сенеміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сергей Лавров Мемлекет басшысына Ресей Президентінің сапарына әзірлік барысы туралы ақпарат берді.

Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты

Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты мәселелері үкіметтер мен сыртқы істер министрліктері деңгейінде пысықталып жатқанына тоқталды.

Каспийге қауіп төнді ме? Лавров АҚШ пен Израильдің соққысына қатысты мәлімдеме жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сергей Лавров халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар