Медицина • 25 Ақпан, 2021
Кеспей операция жасау әдісі Алтайға жетті
Жуықта Алтай ауданының орталық ауруханасында ангиографтың жұмысы іске қосылды. Осыдан былай, науқастарға рентгендік эндоваскулярлық әдісін қолдана отырып, скальпельсіз операция жасалады.
Өнер • 25 Ақпан, 2021
Облыс орталығындағы Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде Қазақстанның халық жазушысы Сәкен сері Жүнісов музейі ашылды.
Экология • 25 Ақпан, 2021
Табиғатқа қарсы тағылық: Бұған жаңа Экологиялық кодекстің талабы тоқтам сала ма?
Мұнай мен газ секілді табиғи байлықтың үстінде отырған Атырауда тұмса табиғатқа жасалып отырған тағылық тоқтар емес. Соның кесірінен өңір тұрғындарының жұтар ауасы жиі-жиі ластанады. Біресе күкірттің иісі қолқаны қабады. Енді бірде қамыс өртеніп, көкжиектен көтерілген қара түтін көк жүзінде қаптайды. Шаһар маңындағы қоқыс алаңы да әлсін-әлсін отқа оранады. Бірақ қоршаған ортаны ластауға кінәлілердің анықталмай қалатыны, тіпті қандай шара қолданылғаны ашық айтылмайтыны тұрғындарды алаңдатып отыр. Тек кейбір мекемелердің ғана аты аталып, соңында бәрі айыппұл төлеумен құтылады. Ал айыппұл салумен шектелу атыраулықтар жұтар ауаны тазарта ма?
Әдебиет • 25 Ақпан, 2021
1950-1970 жылдардағы қазақ поэзиясында ойып орын алған Ізтай Мәмбетов артында «Тұңғыш», «Бақытты балалық», «Сыр», «Табантал», «Жол ұзақ», «Сал Сары», «Өсиет», «Жалын», «Тарланбоз», «Жылы жел», «Таңдамалы» атты жыр жинақтарын қалдырды. Ол аштық жылдары дүниеге келіп, алапат соғыстың қаһарын жасөспірім шақта сезінген, маңдайларына қатқылдау тағдыр бұйырған буынның өкілі еді. Замандастары Ізтай ақын сырттай сұсты, бірбеткей, мінезі тік болып көрінгенімен, жаны нәзік, әділетсіздікке жаны қас, ақкөңіл, жомарт жан еді деп сипаттайды. Оның өлеңдерінің тақырыбы да туған жер, сағыныш, махаббат, сезім, табиғат, ғашықтық сезімдері болып келеді.
Тарих • 25 Ақпан, 2021
XVIII ғасырда француз әскерінде қара киізден жасалған бас киім кию сәнге айналды. Сол тұста шеттері жоғары бүгілген дөңгелек пішінді қалпақтар Еуропаны дүр сілкінткен сарбаздарды ерекшелендіріп тұрды. Алайда уақыт империя тарихының бүкіл кезеңін тек бір бас киіммен бейнеленеді. Ол атақты Наполеонның «кішкентай шляпасы» еді.