Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Әуе билетін қолына ұстап, сапарға сақадай сай отырған жолаушының ұшаққа отырғызылмай қалу оқиғасы соңғы жылдары жиіледі. Мұның астарында овербукинг деп аталатын тәжірибе тұр. Әлемде кең тараған бұл тәсіл енді Қазақстанда да құқықтық тұрғыдан қатаң реттеле бастаған. Овербукинг – нарық заңдылығы ма, әлде жолаушы құқығын шектеу ме? Овербукинг жағдайында жолаушы не істеу керек? Тақырыпты тарқатып көрейік...
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Сіз маңызды жетістікке жетіп, айналаңыздан мақтау естіген сәтте іштей: «Бұл жай ғана сәттілік, ерте ме, кеш пе менің ештеңе білмейтінімді бәрі түсінеді» деп ойлаған кезіңіз болды ма? Егер иә болса, сіз «алаяқ синдромымен» (Imposter Syndrome) бетпе-бет келдіңіз. Бұл – адамның өз жетістігін лайықты деп санамай, оны кездейсоқтыққа балап, өзін ішкі әлемінде «білімі жоқ алдаушы» ретінде сезінуі. Бұл ауру емес, психологиялық күй. Ол адамның кәсіби дамуына, өзін-өзі бағалауына және өмірден алатын қанағатына тікелей әсер етеді.
Референдум • 24 Ақпан, 2026
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Елімізде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға 12 миллионнан астам сайлаушы қатыса алады. 15 наурыз күні өтетін маңызды шарадан елден жырақ жүрген отандастарымыз да тыс қалмауы үшін шет елдегі өкілдіктер жанынан учаскелер ашылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке үміткерлер іріктеледі. Іріктеу 10 сәуірге дейін жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 24 Ақпан, 2026
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Бір жылға созылған пилоттық жоба аяқталғаннан кейін Toyota Motor Manufacturing Canada (TMMC) RAV4 кроссоверлері шығарылатын зауытта жеті Digit роботын пайдалану жөнінде келісімшарт жасасты. Digit моделін 2015 жылы Орегон университетінің түлектері құрған Agility Robotics компаниясы әзірлеген, деп хабарлайды Egemen.kz