Өнертапқыш • 22 Ақпан, 2025
Көпірді су тасқынынан қорғайды
Оқу-ағарту министрлігінің «100 жаңа есім – 100 жаңа тұлға» айдарының кейіпкері, Қостанай ауданы Александр ауылдық мектебінің 10-сынып оқушысы Виктор Рыжков су деңгейінің күрт көтерілуі кезінде көпірлердің бұзылуына жол бермейтін инновациялық жүйені құрастырып шығарды.
Мәселе • 22 Ақпан, 2025
Жатақхана. Шешімін таппаған түйткіл
Жоғары білім – әрбір жастың болашағына салынған инвестиция. Жыл сайын мыңдаған талапкер университетке қабылданып, білім алуға мүмкіндік алады. Алайда олар үшін ең өзекті мәселенің бірі – баспанамен қамтамасыз ету. Әсіресе басқа қаладан келген студенттерге жатақхана – жайлы орын ғана емес, олардың оқу үдерісіне толық араласуына маңызды фактор.
Партия • 22 Ақпан, 2025
Партия қатары жастармен толықты
Астанадағы Достық үйінде «Ауыл» партиясы түрлі этнос жастарымен кездесті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жиында партия жаңа құраммен толығып, 10 азаматқа партиялық билет табысталды.
Қоғам • 22 Ақпан, 2025
Салық реформасы жайындағы ой-талқы
«Taldau Talks» подкасының салық реформасына арналған жаңа шығарылымы жарияланды. Салық кодексінің жобасына енгізілетін түзетулер Парламент депутаттарының қарауына ұсынылуына байланысты осы тақырыпты талқылау маңызды болып отыр.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 22 Ақпан, 2025
«Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты елдегі 35-ке дейінгі азаматтардың еңбекке араласуына сеп болып жүр. Мәселен, ұйымның «Жастарға жұмыс» жобасы аясында 46 жас маман Солтүстік Қазақстан облысының әртүрлі кәсіпорындарына жұмысқа орналасты.